Басты бет Жаңалықтар Түркістан облысында тойда әншіні экс-қайын атасы ұрып жіберді

Түркістан облысында тойда әншіні экс-қайын атасы ұрып жіберді

Фото: istockphoto.com
Түркістан облысында той үстінде әншіні экс-қайын атасы ұрған сәт әлеуметтік желіде жарияланды. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.

Видеода ән айтып тұрған қызға ер адам жақындап келіп, жұдырық жұмсағаны анық көрінеді.

Полицияның мәліметінше, күдікті ер адам анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық кодекстің «ұрып-соғу» бабы бойынша іс қозғалды.

Барлық мән-жайды анықтау үшін қажет тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес заң аясында шешім қабылданады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары кез келген заңсыз әрекеттің жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Exit mobile version