Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадты тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады, — делінген ақпаратта.