Басты бет Жаңалықтар Мемлекет басшысы Мәдениет орталығын аралап көрді

Мемлекет басшысы Мәдениет орталығын аралап көрді

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы ҚХР мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен бірге Мәдениет орталығын аралап көрді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кітапхана, қазақ тілі, музыка және шығармашылық кабинеттері таныстырылды. Көрме залына Қазақстанның ежелгі сақ дәуірінен бастап XX ғасырдың бас кезіне дейінгі тарихынан сыр шертетін экспонаттар мен артефактілер қойылған, — делінген хабарламада.

Экспозиция археологияға, зергерлік бұйымдарға, қару-жарақ жасау өнеріне, ұлт аспаптарына және этнографияға арналған бес бөлімнен тұрады. Орталықтың кітапхана қорында қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдеріндегі мыңға жуық кітап бар.

Президент Мәдениет орталығында қазақ тілін үйреніп жүрген балалармен сөйлесті. Қытай оқушылары домбырамен белгілі қазақ, қытай әуендерінен попурри орындады. Сонымен қатар мәртебелі меймандар Бейжің балаларына арналған киіз басудан шеберлік сабағын тамашалады.

Exit mobile version