Басты бет Push 600 млн теңгеге жөнделген. Өскеменде көпір тірегі құлады

600 млн теңгеге жөнделген. Өскеменде көпір тірегі құлады

Фото: Orda.kz

Не болды?

1 қыркүйекте Өскеменде автомобиль көпірі жартылай құлады. Үлбі өзенінің ағысы көпірдің тірегін ағызып кеткен.

Мәлімет

Қазір Шнайдар көпірінде қозғалыс тоқтады. Жергілікті билік тосын оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрып, жағдайды шұғыл қызметтер мен қала әкімдігі зерттеп жатыр.

Көпір тірегі екі күн толассыз жаңбыр жауып, өзеннің қатты ағысымен ағаштар аққаннан құлаған.

Алматыдан арнайы мамандар шақырдыұ. Кейінгі екі жылда осы жерде 600 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргені көңілге қаяу түсіріп отыр. Кепілдік міндеттемелер бойынша мердігерлер көпірді қалпына келтіреді, — дейді әкім.

Контекст

Естеріңізге салайық, көпірдің тірек конструкциялары биыл ғана жөнделген еді. Оны жөндеуге 600 миллион теңгеден астам қаражат құйылған.

Exit mobile version