Басты бет Жаңалықтар Таразда төбелестен кейін мектеп оқушысы қаза болды

Таразда төбелестен кейін мектеп оқушысы қаза болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Таразда жасөспірімдер арасында 1 қыркүйек күні жанжал болып, салдарынан 14 жастағы оқушы пышақ жарақатынан қаза болды.

Желідегі мәлімет бойынша, оқиға оқу процесінен тыс уақытта болған. Қақтығыс тұрмыстық себептен туындаған, марқұм мен күдікті бұған дейін таныс болмаған. Сонымен бірге екі мектеп оқушылары арасындағы төбелес туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Топтық төбелес дерегі тіркелмеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, пышақ оқушының жүрек тұсына кірген. Жамбыл облыстық полиция департаменті аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Exit mobile version