Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бірнеше қарызды бірыңғай платформа арқылы реттеу жайында айтты.
Биыл маусым айының соңында проблемалық кредиттерді реттеуге қатысты заңға қол қойылған болатын. Жаңа жүйе қарыздарды тиімді қайта құрылымдауға бағытталған.
Проблемалық қарыздарды ұжымдық реттеу тәртібі енгізілді. Енді бірнеше қаржы ұйымына бөлек-бөлек барудың қажеті жоқ. Бірыңғай платформа арқылы өтініш жіберіп, қарыздарды қайта қарауға мүмкіндік беріледі. Ең бастысы – негізгі қарыз сомасын төмендету міндеті қойылады, – деді Мәдина Әбілқасымова.
Оның айтуынша, бұл өзгерістер халықтың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған.