Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда кредитті мерзімінен бұрын төлеу ережесі өзгерді

Қазақстанда кредитті мерзімінен бұрын төлеу ережесі өзгерді

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда 31 тамыздан бастап кредитті ерте жабуға қатысты жаңа заң күшіне енеді. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлап отыр.

31 тамыздан бастап қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл санкциялары заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енеді.

Жеке тұлғалар кредитті кез келген уақытта айыпақы төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шартқа, оның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады. Алайда өзгерістер күшіне енгенге дейін төленген айыппұл мен айыпақы қайтарылмайды. Мерзімінен бұрын төлем борыш жүктемесін азайтуға, кредиттік тарихты жақсартуға және қарыз алушылардың қаржылық орнықтылығын нығайтуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version