Басты бет Жаңалықтар Шығыс Қазақстанда тағы жер сілкінді

Шығыс Қазақстанда тағы жер сілкінді

Фото: Іnform.kz
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы хабарлап отыр.

Орталықтың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында 28 тамызда сағат 7:54-те жер сілкінді. Нақты айтқанда, Күршімнен оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 4,5.

Еске салайық, 23 шілде күні сағат 15:37-де Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жер сілкінген болатын.

Exit mobile version