Қазақстанда елді мекендер аумағында көліктің рұқсат етілген жылдамдығын төмендету мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифиңінде мәлімдеп отыр.
Оның айтуынша, жыл басында жол-көлік оқиғаларының статистикасында 65-70% өсім байқалған. Алайда бұл көрсеткіш жолдағы жағдайдың нашарлауынан емес, есепке алу және тіркеу қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты болған. Қазіргі таңда қабылданған практикалық және заңнамалық шаралардың арқасында ЖКО өсімінің қарқыны 30%-ға дейін төмендеген. Егер жыл басында өсім 60-70% болса, бүгінде бұл көрсеткіш 30% деңгейінде.
Әкімшілік полиция комитетінің басшысы елді мекендердегі көлік жылдамдығын азайту бастамасы қазір жұмыс тәртібінде қаралып жатқанын растады.
Парламент депутаттары демалыстан шыққан соң, біз бұл мәселені олармен талқылаймыз, — деді ол.