Қазақстанда ресми рұқсатпен 14 130 шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Министрліктің мәліметінше, шетел жұмысшыларының санаттары мынадай:
-
басшылар мен олардың орынбасарлары – 549 адам,
-
бөлімшелердің басшылары – 2 258 адам,
-
мамандар – 3 786 адам,
-
білікті жұмысшылар – 904 адам,
-
маусымдық жұмысшылар – 2 889 адам,
-
корпоративтік ауыстыру аясында – 3 744 адам.
Шетел азаматтарының көбі құрылыс саласында еңбек етеді. Еңбек мигранттары негізінен келетін елдер:
-
Қытай – 5 120 адам,
-
Өзбекстан – 2 478 адам,
-
Түркия – 1 042 адам,
-
Үндістан – 1 031 адам.