Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы Қастеев музейі 3 ай жабылады

Алматыдағы Қастеев музейі 3 ай жабылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Әбілхан Қастеев атындағы ұлттық өнер музейі желтоқсан айына дейін жабылады. Музей жөнделіп жатыр.

Мәлімет

Бұл шара сіздерге көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, музей кеңістігін барынша қолайлы ету үшін жасалып жатыр, — делінген музейдің Instagram-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында музей 5 қыркүйекке дейін жабылғаны хабарланған еді.

Анықтама

Қастеев музейі — Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. 1976 жылы ашылған. Музейде бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясы бар. Онда батыс, орыс және кеңес  өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнері жинақталған.

Exit mobile version