Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.