Басты бет Жаңалықтар Алматының бірнеше ауданында 2 күн суық су болмайды

Алматының бірнеше ауданында 2 күн суық су болмайды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыда су құбыры желілерін және су нысандарын қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы «Алматы Су» хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 тамыз сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін жаңа су құбырын желіге қосу жұмыстары барысында суық судың берілуі уақытша тоқтатылады. Шектеу келесі көше шеңберінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға қатысты: Тимирязев көшесі — Сыпатаев көшесі — Әуезов көшесі — Абай даңғылы, «Атакент» ҚІЫО аумағы. Жұмыстар жүргізілген кезеңде Әуезов көшесі бойында су қысымының төмендеуі күтіледі.

Ал 28 тамызда сағат 09:00–ден 20:00–ге дейін жаңа сүзгі станциясын салу аясында технологиялық жұмыстар жүргізіледі. Осы кезеңде уақытша су беру: «Ақжар» шағын ауданы, «Тастыбұлақ», «Таужолы» шағын аудандарында тоқтатылады.

Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және техникалық жұмыстарды жүргізу қажеттігіне байланысты енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінеміз, — делінген хабарламада.

Exit mobile version