Басты бет Жаңалықтар Батыс Қазақстанда күйеуіне киллер жалдаған әйел сотталды

Батыс Қазақстанда күйеуіне киллер жалдаған әйел сотталды

Фото: Еlitar.kz
Батыс Қазақстан облысында күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған әйел сотталды. Бұл туралы облыстық сот хабарлап отыр.

Оған қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бабы, 28-бабы 5-бөлігі, 24-бабы 1-бөлігі, 99-бабы 2-бабы 7-тармағы, 8-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда қазылар алқасының үкімімен қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны тағайындау кезінде сот жас балаларының болуын, шын жүректен өкінетіндігін және жәбірленушінің заңсыз әрекеттерін ескеріп, сотталушының жазасы жеңілдетілді, — делінген хабарламада.

Сотталушы сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Exit mobile version