Басты бет Жаңалықтар Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған даму болжамын жариялады

Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған даму болжамын жариялады

Иллюстрация: Vteme.kz
Бүгін үкіметтің кезекті отырысында 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы таныстырылды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы базалық нұсқа негізінде жасалған.

Базалық нұсқаға сәйкес 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі болжам бойынша 5,4%, үш жылдағы орташа жылдық өсім 5,3% болды. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 триллион теңгеден 2028 жылы 229,8 триллион теңгеге дейін өседі. Инфляция болжамы 2026 жылы шамамен 10,0%-дан аспайды, 2027 және 2028 жылдары 6,0% сатысында, — деді Серік Жұманғарин.

Экономика өсімі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсіммен қамтамасыз етілмек. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өсу қарқыны 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаяды деп болжанып жатыр.

Тау-кен өнеркәсібінде үш жылдағы орташа өсім 2,8%, ауыл шаруашылығында – 3,9%, құрылыста – 11,0%, көлік қызметтерінде – 10,1% және саудада – 6,7% болады. Сонымен қатар оң сауда балансы сақталады. Экспорт болжам бойынша 2026 жылы 77,1 миллиард долларынан 2028 жылы 83,7 миллиард долларға дейін, ал импорт 67,7 миллиард доллардан 75,2 миллиард долларға дейін өседі, — деді министр.

Exit mobile version