Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

Фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз–3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады. 2 қыркүйекте мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. 3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version