Басты бет Жаңалықтар Zeekr 001 және суперсыйлықтар: Яндекс Іздеу Қазақстанда ауқымды акцияны іске қосты

Zeekr 001 және суперсыйлықтар: Яндекс Іздеу Қазақстанда ауқымды акцияны іске қосты

Фото: Yandex Qazaqstan
2025 жылғы жазда Яндекс Іздеу Қазақстанда «Жүлделер дөңгелегі» деген ауқымды акцияны іске қосты. Бұл акцияға сервисті қолданатындар қатыса алады.

Акцияны Yandex.kz бас бетінен, қолданбасынан көруге болады.

Бас жүлде — Zeekr 001 электромобилін табыстау салтанаты өтті. Көлікті ұтқан бақытты адам Астана тұрғыны Динара болды. Оған жүлдені Яндекс Іздеудің даму директоры Ұлан Қайырбеков 21 тамызда Астанада тапсырды.

Акцияға қатысу үшін құрылғыңызда Яндекс Іздеуді негізгі іздеу жүйесі ретінде таңдау қажет. Осыдан кейін қолданушы түрлі сыйлық алуға үміткер бола алады:

  • көптеген серіктестен промокод (оның ішінде Yandex Qazaqstan сервистері, техника дүкендері және басқалары бар);
  • бөліктермен берілетін суперсыйлықтар (1/2, 1/3, 1/4): мысалы, шаңсорғыш, фен, стайлер, құлаққап, смартфон, ноутбук, планшет, пауэрбанк және басқа да пайдалы заттар.

Жақында тағы бір автокөлік ойнатылады. Оның моделін және ұтыс күнін Яндекс Іздеу «Жүлделер дөңгелегі» аясында хабарлайды.

Zeekr 001 табыстау рәсімінде журналистер жеңімпазбен сөйлесіп, оның қалай бас жүлде алғанын сұрап, білді.

— Бұл ұтыс туралы қалай білдіңіз?

Қызым мен ұлым айтты. Өздері қатысып, маған: «Анашым, сен де қатысып көр! Мұнда Zeekr бар, айфон бар, бәлкім, бірдеңе ұтармыз!» — деді. Мені көндірді, сөйтіп үшеуіміз үнемі қатысып отырдық. Біз жалпы Яндексті белсенді қолданамыз — жеткізілімге тапсырыс береміз, Лавканы пайдаланамыз, Алисамен сөйлесеміз. Балалар да үнемі Яндекс сервистерін қолданады, — деп жауап берді Динара.

— Еркебұлан сізге қоңырау шалып, Zeekr ұттыңыз деді. Ол сәтте қандай ойда болдыңыз?

Сол кезде таксиде келе жатқанмын. Қоңырау шалғанда бірден «алаяқтар» деп ойладым. Қазір ондай көп, өзіме де жиі хабарласады. Бұл да алдап жатқан шығар деп ойладым. Еркебұлан: «Сіз ойнадыңыз ба? Zeekr айналдырдыңыз ба?» — деп сұрай бастады. «А-а, иә» дедім, бірақ мүлдем сенбедім. Салқын, қысқа жауап бердім — ол шынымен Еркебұлан екен деп ойламадым. Өзі қоңырау шалады деп ойламайсың ғой! Кейін менің сенбей тұрғанымды түсініп: «Сенбей тұрсыз ғой? Қазір видеоға шығамын» — деді. Сөйтіп көрсетті: «Міне, сіздің Zeekr көлігіңіз, міне, көліктің өзі, түсіру тобы». Сонда ғана сендім, — деді Динара. 

— Жанұяңыз бұл жаңалықты қалай қабылдады? Үйде дастархан жайдыңыздар ма?

Әрине. Барлық туысыма, бауырыма қоңырау шалып, Zeekr ұтқанымды айтып, сүйінші сұрадым. Жұмыста жүрген балаларға да хабар бердім — алғашында сенбей, қайта-қайта: «Шынымен бе? Рас па?» — деп сұрады. Кешке дастархан жайып, үшеуіміз — мен және екі балам бірге тойладық. Кейін басқа қаладан ағам келіп, құттықтап, қолдады. Артынша оның достары да келіп, қуанышымды бөлісті, — дейді Динара. 

Exit mobile version