Басты бет Жаңалықтар Астанада автобус жыраға түсіп кетіп, 14 адам жарақат алды

Астанада автобус жыраға түсіп кетіп, 14 адам жарақат алды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Астанада автобус жол шетіндегі жыраға түсіп кетіп, 14 адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

Басқарманың мәліметінше, Кабанбай батыр көшесінде болған жол апаты салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сонымен қатар ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді.

Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Нәтижесінде бірқатар зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр, — делінген хабарламада.

Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақат алған.

Exit mobile version