Мемлекет басшысы Конго президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Кездесуде Конго Демократиялық Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.
Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.
Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.