Астанада даулы видео жариялаған танымал блогер қамауға алынды. Бұл туралы полицияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ол көңіл көтеру орындарында жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз сөйлеп, қисынсыз сұрақтар қойылған видеолар жариялаған.
Видеода блогердің мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды. 33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынды, — делінген хабарламада.
Полиция қаралым мен «лайк» үшін заңды бұзуға жол беретін әрекеттер заңға сәйкес жазаланып, сол үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.