Басты бет Жаңалықтар Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 25 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version