Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Қазақстанға шақырды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн 26-27 тамыз күндері Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Астанадағы кездесуде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін жоғары келіссөздер өтеді, — делінген хабарламада.