Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза болды

Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза болды

Фото: Batys.info
Көкшетау–Атбасар тасжолында 21 тамыз күні күндіз болған жол апатынан екі адам қаза болды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 13:35 шамасында, Максимовка ауылы маңындағы тасжолдың 115-шақырымында болған.

Тасжолда «Москвич-412» және Hyundai Mafiас автокөліктері соғысқан.

Жол-көлік оқиғасы кезінде «Москвичтің» жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушысы, сонымен қатар Hyundai жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Exit mobile version