Алматының Бостандық ауданында кейбір көшелерде уақытша қозғалыс шектеледі. Бұл туралы «Алматы Су» ШЖҚ МКК хабарлап отыр.
Су құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Мыңбаев көшесінің жекелеген бөліктерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі:
- 22 тамыз, сағат 23:00-ден 23 тамыз, 06:00-ге дейін жабылады: Әуезов көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы, Жароков көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы;
- 23–24 тамыз, сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жабылады: Гагарин даңғылы – Мыңбаев көшесінің қиылысы;
- 25 тамыз, сағат 09:00-ден 26 тамыз, 06:00-ге дейін шектеледі: Розыбакиев көшесі – Мыңбаев көшесінің қиылысы;
- 25–28 тамыз аралығында жабылады: Тұрғыт Озал көшесі, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы бөлік.