Алматыда ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өзі суицид жасады. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Әлеуметтік желіде «Думан» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен пышақ жарақатын алған 1987 жылғы әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады.
Алматы қаласы полиция департаментінің ақпаратынша, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Алдын ала анықталғандай, қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған: ер адам зайыбын пышақтаған. Артынша өзіне қол жұмсап, қаза болды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.