Кейінгі бес жылда «Богатырь Көмір» ЖШС көмірдің құнын жылына 5%-дан 21,5%-ға дейін бірнеше рет көтерген.
Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлап отыр.
Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылы компанияға қатысты монополиялық жоғары баға белгілегені үшін тергеу басталған. Екі жылдан астам сот дауларынан кейін, 2025 жылдың 10 маусымында жоғарғы сот тергеу бастау туралы шешімнің заңдылығын растады.
Агенттік көмір бағасының өсуі электр энергиясының тарифіне тікелей әсер етіп, энергия өндіруші ұйымдардың шығындарының 60%-ға дейінгі бөлігін құрайтынын атап өтті. Сонымен қатар көмір құнының өсуі азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасына мультипликативті әсер етіп отырғаны айтылды.
Осыған байланысты агенттік энергетикалық көмірге мемлекеттік баға реттеуін енгізуді ұсынды. Тиісті түзету парламент қарауындағы алтыншы антимонополиялық пакетке енгізілген.