Шілде айында қайталама тұрғын үй нарығындағы пәтер құны аздап қымбаттады. Маусым айымен салыстырғанда орташа баға 0,9% өскен. Ал кейбір қалада пәтер арзандаған, оның ішінде Алматы да бар.
Krisha.kz мәліметіне қарағанда, әр қаладағы пәтер бағасының өсу пайызы әртүрлі. Мысалы, мына қалалардағы пәтер арзандаған:
- Ақтау — -3.6 %;
- Павлодар — -1.3 %;
- Алматы — -1.2 %.
Мына қалаларда пәтер қымбаттаған:
- Атырау — +1.4 %;
- Орал — +1.2 %;
- Қарағанды — +1.1 %;
- Астана, Ақтөбе, Қызылорда — +1 %.
Бір айда елімізде орташа баға бір шаршы метр құны 393 415 теңгеден 397 221 теңгеге дейін өсті.
Жалпы, жыл басынан бері еліміздегі пәтер тек қымбаттап жатыр — қаңтардан бері 3.6 % өскен.
Пәтер қатты қымбаттаған қалалар мынау: Қостанай (+7.6%), Атырау, Орал (+5.2%-ға дейін).
Пәтер аздап қымбаттаған қалалар мынау: Түркістан, Көкшетау (1%).