Басты бет Жаңалықтар Маңғыстау облысында киік мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды

Маңғыстау облысында киік мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды

Фото: Рolisia.kz
Маңғыстау облысында киік ұшалары мен мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мен «Бүркіт» арнайы бөлімшесі, Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бейнеу ауданының Тұрыш ауылындағы бір үйдің ауласынан киікке қатысты заңсыз әрекеттердің дерегін анықтады.

Тінту кезінде Қызыл кітапқа енгізілген тоғыз киіктің ұшасы, 30 мүйізі, сонымен қатар 16 мм калибрлі оқ-дәрілер мен өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, материалдар СДТБТ-ға енгізілді. Тәркіленген айғақтар сараптамаға жіберілді, — делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден кетпеу туралы қолхат алынды.

Exit mobile version