Басты бет Жаңалықтар Абай облысында 10 мың гектар астам жер мемлекетке қайтарылды

Абай облысында 10 мың гектар астам жер мемлекетке қайтарылды

Фото: Liter.kz
Абай облысы прокуратурасының араласуымен 10 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Жаңасемей ауданының прокуратурасы жер ресурстарын басқару саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықтады.

Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелері азаматтарға және заңды тұлғаларға жалға берiлуi мүмкін. Алайда, жалпы ауданы 10 мың гектардан асатын, құны 263 миллион теңгеден жоғары болатын 13 жер учаскесі бойынша жалдау шарттарының мерзімі 2024 жылы аяқталғаны анықталды, — делінген хабарламада.

Соған қарамастан, уәкілетті орган осы учаскелерді алып қою және оларды мемлекет меншігіне қайтару шараларын қабылдамаған. Бұл әрекет қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жатады.

Аудан прокуратурасының тексерісінен кейін ғана көрсетілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Exit mobile version