Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады.
Ақорданың мәліметінше, Қазақстан президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.