Басты бет Push Үржар ауданында көлік қаққан балалардың хәлі ауыр — министрлік

Үржар ауданында көлік қаққан балалардың хәлі ауыр — министрлік

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Не болды?

Абай облысы, Үржар ауданы, Бестерек ауылында көлік қағып кеткен балалардың хәлі ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

Мәлімет

Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуі тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Балаларға бассүйек-ми жарақаты, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаты диагнозы қойылған, — делінген министрлік хабарламасында.

Үржар ауданындағы апат, аурухана
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешіледі.

Қазір пациенттердің біріне дәрігерлер бригадасы миға күрделі нейрохирургиялық операция жасап жатыр, ішкі ағзалардан қан кету тоқтады.

Контекст

19 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Абай облысы, Үржар ауданы, Бестерек ауылында 55 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, қақпа алдында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен.

Екі бала оқиға орнында қаза болды, біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Тағы үш жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

20 тамызға қараған түні Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, балаларға медициналық көмек беру үшін қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағымен медициналық бригада ұшып барды.

Exit mobile version