Басты бет Жаңалықтар Павлодар облысында 22 шетел азаматы заңсыз жұмыс істеген

Павлодар облысында 22 шетел азаматы заңсыз жұмыс істеген

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Павлодар облысында 22 шетел азаматы заңсыз жұмыс істеп жүрген жерінен қолға түсті. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Павлодар облысында миграциялық заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Екібастұз қаласында полицейлер үш зауыт пен құрылыс алаңдарын тексеру барысында еңбек етуге рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүрген 22 шетел азаматын анықтады. Барлық факті бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды.

Полиция мәліметінше, шетел азаматтарының көпшілігі Қазақстанға заңды түрде кіреді. Алайда уақыт өте келе құжатсыз жұмыс істеу арқылы заңнаманы бұзады. Бұл ретте оларға кей жағдайда жергілікті азаматтар да көмектесіп жатады.

Рейд барысында полиция қызметкерлері шетел азаматтарының тұрғылықты жерлерін, базарларды, құрылыс нысандарын және жұмыс берушілерді тексеріп жатыр.

Exit mobile version