2025 жылдың басынан бері Қазақстанда 856 мыңға жуық отбасыға жалпы сомасы 354,5 миллиард теңге жәрдемақы төленді.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Оның ішінде 613 мыңнан астам көпбалалы отбасы 308,9 миллиард теңге, ал «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен өзге де марапатталған аналар 45,6 миллиард теңге алған.
Жәрдемақы мөлшері бала санына қарай есептеледі. Мысалы, төрт баласы бар отбасы айына 63 мың теңге, жеті баласы бар отбасы 110 мың теңгеден аса жәрдемақы алады. Ал марапатталған аналарға 25 мыңнан 29 мың теңгеге дейін төленеді.
Министрлік биылғы 1 қаңтардан бастап барлық жәрдемақы көлемі 6,5%-ға өскенін атап өтті.