Басты бет Жаңалықтар Желіде Астана маңында құлаған ұшақтың видеосы тарады

Желіде Астана маңында құлаған ұшақтың видеосы тарады

Фото: Avialine.kz
Әлеуметтік желіде Астана түбінде апатқа ұшыраған жеңіл моторлы ұшақтың құлаған сәтінен видео тарады.

Трагедия өткен жексенбі, 17 тамыз күні болған. Жеңіл моторлы жекеменшік ұшақ Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Төңкеріс ауылының маңында құлаған. Салдарынан бір ер адам мен бір әйел қаза болды.

Желіде тараған ақпарат бойынша, қаза болған әйел – үш баланың анасы, 16 тамызда ғана 43 жасқа толған. Туған күніне ерекше сыйлық ретінде ұшақпен ұшуға шыққан. Марқұмның артында 19 жастағы қызы мен кәмелетке толмаған екі ұлы қалды. Ал қаза болған екінші адам – құлаған ұшақтың иесі Арман Мусин.

Ақмола облысының полициясы Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағының құлау фактісі бойынша тергеу бастады.

Exit mobile version