Басты бет Жаңалықтар Астанада өз атына 20 SIM-карта тіркеген баланың ата-анасы жазаланды

Астанада өз атына 20 SIM-карта тіркеген баланың ата-анасы жазаланды

Фото: Polisia.kz
Астанада өз атына 20 SIM-карта тіркеген 14 жастағы баланың ата-анасы жазаланды. Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.

ПД мәліметінше, бала интернеттегі хабарландыруды көріп, оңай ақша табу үшін карталарды жалға берген екен.

Алаяқтар жарнама беретін қосымшаларда SIM-карталарды жалға алу туралы хабардандыру берген. Олар бұл балаға Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын сатып алып, күн сайынғы ақысы үшін жалға беруді ұсынған. Бала карталарды тіркеп, алаяқтар үшін карталарды «біріккен құрылғылар» қосымшасы арқылы қолжетімді еткен, — делінген хабарламада.

Полиция оқушыдан 20 карта тәркілеген. Осы факт бойынша баланың ата-анасы жауапкершілік арқалаған.

Exit mobile version