Басты бет Жаңалықтар Астанада бірқатар автобустың жүру жолы уақытша өзгерді

Астанада бірқатар автобустың жүру жолы уақытша өзгерді

©365info.kz
Елордада қоғамдық көлік қозғалысының сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өзгерістер тоғыз бағытта жүретін автобустарға енгізілді:

№10, 12, 21, 29, 29А, 35, 46, 50 және 70.

Қалалық мобильділік басқармасының ақпараты бойынша, қазір Астананың бірнеше магистральды көшесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Бұл қоғамдық көлік қозғалысына тікелей ықпал етіп отыр.

Жөндеу аяқталғаннан кейін автобустар бұрынғы бағыттарымен қайта жүретін болады, – делінген хабарламада.

Жолаушыларға ыңғайсыздықты азайту үшін мынадай кеңестер берілді:

  • сапарды алдын ала жоспарлау;
  • CTS мобильді қосымшасында жаңартылған қозғалыс сызбасын қадағалау;
  • балама бағыттарды пайдалану.

Exit mobile version