Басты бет Жаңалықтар Шымкентте мектеп бухгалтері бюджет қаражатына пәтер сатып алған

Шымкентте мектеп бухгалтері бюджет қаражатына пәтер сатып алған

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Шымкентте бюджет қаражатын қалтаға басқан бухгалтер сотталды. Бұл туралы қалалық сот хабарлап отыр.

Ол 451 173 978 теңгені жымқырған. Қылмыстық істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.

Сотталушыға қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен, 218-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы «Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра, мемлекеттің сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлкін жымқыру, қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру» бойынша айып тағылды.

Ол өзінің қызмет бабын пайдаланып, мемлекетке 451 173 978 теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Сотталушы бірнеше автокөлік пен пәтер, жер телімін және бағалы қағаздар сатып алған, — дейді ведомство.

Сот үкімімен сотталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Exit mobile version