Басты бет Жаңалықтар Алматы әуежайындағы жолдардың бірі уақытша жабылады

Алматы әуежайындағы жолдардың бірі уақытша жабылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Ақсұңқар» қонақүйінің жанындағы пандусқа кіру жолы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады.

Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары аясында гидрооқшаулауды жақсарту, жылыту жүйесін жаңғырту және жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөндеу кезеңінде ескі пандусқа көтерілу жолы жаңа пандусқа ауысады. Туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.

Exit mobile version