Басты бет Жаңалықтар Қазақстан–Ресей шекарасында көлік қозғалысы қиындайды

Қазақстан–Ресей шекарасында көлік қозғалысы қиындайды

Фото: GoGetNews.info
«Қазақстан-Ресей» шекарасының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысында қиындықтар туындауы мүмкін.

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлап отыр.

Шекара қызметінің мәліметінше, Қостанай облысының «Желқуар», «Аят», «Обаған», «Ақбалшық» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл жар» автокөлік өткізу пункттерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.

Бұл жағдай Ресейдің «Мариинский», «Николаевка», «Звериноголовское», «Воскресенское» және «Казанское» өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болып отыр, — делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары 15 тамыздан басталады. Комитет сол себепті қозғалыс маршрутын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ, — делінген хабарламада.

Exit mobile version