Басты бет Жаңалықтар Air Astana ұшағы құсқа соғылып, рейс уақыты өзгерді

Air Astana ұшағы құсқа соғылып, рейс уақыты өзгерді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматыдан Астанаға ұшатын Air Astana рейсі уақытында орындалмады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Әуе кемесіне құс кедергі болған.

14 тамызда орындалуға тиіс КС 621 Алматы-Астана рейсі кешігіп жатыр, себебі КС 622 Астана-Алматы рейсін орындаған ұшаққа құс соғылған, — делінген хабарламада.

Ұшақ Алматыдан Астанаға 9:20-да ұшу керек болған. Рейс уақыты 11:45-ке ауыстырылды.

Жолаушылар жағдайдан хабардар, толық ақпараттандырылды, — делінген хабарламада.

Exit mobile version