Алматыдан Астанаға ұшатын Air Astana рейсі уақытында орындалмады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Әуе кемесіне құс кедергі болған.
14 тамызда орындалуға тиіс КС 621 Алматы-Астана рейсі кешігіп жатыр, себебі КС 622 Астана-Алматы рейсін орындаған ұшаққа құс соғылған, — делінген хабарламада.
Ұшақ Алматыдан Астанаға 9:20-да ұшу керек болған. Рейс уақыты 11:45-ке ауыстырылды.
Жолаушылар жағдайдан хабардар, толық ақпараттандырылды, — делінген хабарламада.