Аягөз ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жүргізген талдау барысында 19 түрлі тауардың алты түрі белгіленген шекті бағадан жоғары бағамен сатылғанын анықтады.
Бұл туралы аймақтық прокуратура хабарлап отыр.
Прокуратураның мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар облыс орталығына нақты бағаларды төмендетіп көрсеткен жалған мәліметтер ұсынған. Мысалы, картоптың шекті бағасы 275 теңге болып белгіленсе, оның нақты сатылу бағасы 415 теңге болған (+44%).
Ұқсас баға өсімдері сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт және айран өнімдері бойынша да тіркелді. Мониториңнің болмауы мен әлеуметтік дүкендердің жоқтығы заңнама талаптарына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар тиісті баға мониториңін жүргізбеген. Бұл жағдай бағаның өсуіне бақылаудың болмауына және деректердің бұрмалануына әкелген. Сонымен қатар ауданда әлеуметтік осал топтарға арналған әлеуметтік дүкендердің мүлде жоқтығы анықталды, — делінген хабарламада.
Прокуратура араласқаннан кейін баға мониториңі күшейтілді, сауда нүктелерімен шекті бағадан асырып сатуға жол бермеу бойынша жұмыс басталды.
Аягөз қаласындағы екі дүкенмен әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы келісім жасалды.