Басты бет Жаңалықтар Алматыда Жамбыл көшесіндегі қозғалыс шектеледі

Алматыда Жамбыл көшесіндегі қозғалыс шектеледі

©inform.kz
Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінің ішінде Алматының Алмалы ауданында Жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарлап отыр.

Жұмыстардың шеңберінде 1980 жылы пайдалануға берілген ұзақтығы 130 метр жылу трассасы ауыстырылады. Осыған байланысты 2025 жылғы 15 тамыздың сағат 23:00 бастап 18 тамыздың сағат 07:00 дейін Жамбыл көшесімен Исаев көшесінен бастап Байғанин көшесіне дейін автокөліктер қозғалысы жабылады.

Шектеулер көрсетілген көше учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді. Осы жылу желісі екі көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы қала бойынша 39 км жылу желілерін жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% дейін азайтуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version