«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлап отыр.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында әртүрлі ауа райы күтіледі.
Солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, қатты жел мен дауыл болуы мүмкін. Солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі. Ал оңтүстікте күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар антициклонның ықпалымен кейбір өңірлерде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады. Алматы мен Жетісу облыстарында күндіз қатты ыстық — 35-37 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктер елдің көптеген аймағында өрт қаупі жоғары екенін, ал оңтүстік пен батыста — төтенше деңгейде екенін ескертті.