Басты бет Жаңалықтар 2025 жылы қанша Қазақстан азаматы жұмысқа орналасты?

2025 жылы қанша Қазақстан азаматы жұмысқа орналасты?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
2025 жылы 292 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

2025 жылғы 1 тамыздағы мәліметке сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 221,7 мың адам қамтылып, 292,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды.

Мансап орталықтары арқылы 129,8 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілді, оның ішінде 91,7 мыңы қоғамдық жұмыстарға, 14,8 мыңы «Күміс жас» жобасына, 11,5 мыңы әлеуметтік жұмыс орындарына, 9,1 мыңы жастар практикасына қатысқан.

Министрліктің мәліметінше, 2,6 мың адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша, 90 адам «Ұрпақтар келісімшарты» аясында жұмысқа орналасты. Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 48,5 мың адам онлайн оқытудан өтті, оның 45,3 мыңы оқуды аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасымен 34,6 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 19 мыңы сертификат алды.

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамалар үшін 4,2 мың грант берілді. Тағы 2-лекке өтініштер қабылдау 11 тамызда Business.Enbek порталында басталды.

Exit mobile version