Не болды?
2025 жылғы 12 тамызда Алматы облысы, Сарқан ауданындағы Жоғары Басқан шағын су электр станциясында апат болды. Су деңгейі күрт көтеріліп, су станция аумағын басып қалған.
Уақтылы шара арқасында өзенге жақын орналасқан тұрғын үйлер зақымданбады, тұрғындарға немесе экологиялық қауіпсіздікке қауіп төнген жоқ, — делінген әкімдік хабарламасында.
Мәлімет
Оқиға салдарынан электр энергиясы уақытша берілмей қалған.
Бұл станция BASKAN POWER ЖШС-ға тиесілі. Компанияның техникалық директоры Данияр Досабаев апаттың себебін айтты.
Су техника құрылғыларға түскен жүктеме артып кетті. Барлық техникалық қауіпсіздік шарасын қолданғанмен, су деңгейінің күрт көтерілетінін алдын ала болжау қиын. Қазір апат салдары жойылып жатыр. Су электр станциясы құрылғылары қалпына келтірілгеннен кейін жұмыс қайта басталады, — деді Данияр Досабаев.
Апат салдары 10 күн шамасында жойылады.
Анықтама
Жоғары Басқан СЭС – қуаты 2,4 МВт-тық шағын электр станциясы. Ол өңірдегі бірнеше ауылға электр энергиясын жеткізеді. Станция 2015 жылы іске қосылған.
BASKAN POWER ЖШС KAZ Minerals компаниясына тиесілі. Бұл компания акцияларының бір бөлігін Қазақстан олигархтарының бірі Владимир Кимге иемденеді.