Басты бет Қоғам Елімізде сұраныс көп мамандар тізімі жарияланды

Елімізде сұраныс көп мамандар тізімі жарияланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/ Baribar.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында сұранысы ең көп мамандар тізімін жариялады.

Жұмыс берушілер арасында сұранысы ең көп мамандар:

  • мейіргерлер (2,2 мың бос жұмыс орны),
  • тәрбиешілер (1,9 мың),
  • автокөлік жүргізушілері (1,8 мың).

Шілде айында түйіндемелердің саны барлық аймақта артқан. Бұл ретте жұмыс іздегендердің белсенділігі бірінші кезекте Шымкентте (+54%, 19,6 мың түйіндеме), Қызылорда (+46%, 9,3 мыңға дейін) және Атырау (+38%, 10,4 мыңға дейін) облыстарында айтарлықтай өскен.

Ең жоғары жалақыны мына мамандар сұраған:

  • ұшқыш (орта есеппен 1,8 миллион теңге),
  • сынақ және жабдықты реттеу бөлімінің бастығы (1,5 миллион теңге),
  • IT саласындағы техникалық директор (1,4 миллион теңге).

Ал нақты сектор ұсынатын ең жоғары жалақы төленетін ашық лауазымдар мыналар:

  • тау-кен өнеркәсібіндегі учаске басшысының орынбасары (756 мың теңге),
  • учаске басшысы (747 мың теңге),
  • бас құрылысшы (668 мың теңге).

Шілдеде жұмыс берушілер «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында 104,8 мың бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл маусыммен салыстырғанда 4,6 мыңға (4%) аз. Сонымен қатар бір айда өтініш бергендердің саны 38 мыңға (34%) артқан – 147,8 мың түйіндеме жарияланды.

Exit mobile version