Басты бет Жаңалықтар Starlink. Илон Масктың интернетін қосу қанша тұрады?

Starlink. Илон Масктың интернетін қосу қанша тұрады?

Starlink Жерді осылай торламақ. Қазір компания спутниктердің Күнге шағылыспау жағын ойластырып жатыр. Себебі бұл аппараттар астрономдарға ғарыштағы алыс объектілерді бақылауға мүмкіндік бермей отыр екен. Дереккөз: medium.com

Қазақстан халқы 13 тамыздан бастап Starlink спутниктік интернет қызметін пайдалана алады. SpaceX компаниясына тиесілі бұл жоба Қазақстан аумағында ресми түрде іске қосылды.

Не болды?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету кезінде Қазақстан заңдарын толық орындау туралы келісімге келді. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талапты сақтайды, – делінген министрлік хабарламасында.

Мәлімет

Starlink ресми сайтындағы ақпарат бойынша, ай сайынғы абоненттік төлем — 23 мың теңг. Қызметті қосу үшін арнайы қабылдағыш құрылғы сатып алу қажет. Оның екі нұсқасы ұсынылған:

  • Стандартты құрылғы — үйдегі тұрақты интернетке арналған, бағасы 201 мың теңге.
  • Мини құрылғы — базалық интернет-қолданбаларға арналған, бағасы 104 мың теңге.

Жеткізу мерзімі — бір-екі апта, ал жеткізу құны — 12 мың теңге.

Контекст

Министрлік мәлімдетінше, Starlink технологиясы шалғай және баруы қиын өңірлерде де жылдамдығы жоғары, интернет тұрақты болады. Бұл халықтың цифрлық сервисті қолдану мүмкіндігін арттырады.

12 маусымда цифрлық даму министрлігі мен Starlink компаниясы Қазақстан заңнамасын толық сақтауды міндеттейтін келісімге қол қойған.

Анықтама

Starlink — Илон Маск негізін қалаған SpaceX компаниясы әзірлеп, басқаратын спутниктік интернет жүйесі. Оның төмен орбитада әлемдегі ең ірі спутниктер тобы бар және төмен кідіріс уақытымен жоғары жылдамдықты кең жолақты интернет ұсынуға арналған. Жүйенің мақсаты — шалғай және инфрақұрылымы нашар аймақтарға сапалы интернет жеткізу.

Exit mobile version