Басты бет Жаңалықтар Жезқазғанда әкімдік қызметкері мен қызының денесі үйінен табылды

Жезқазғанда әкімдік қызметкері мен қызының денесі үйінен табылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Жезқазғанда 1966 жылы туған әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын бәзбіреулер асқан айуандықпен өлтіріп кеткен.

Бұл туралы Almaty.tv хабарлап отыр.

Аймақты дүр сілкіндірген қылмыс осыдан бірнеше күн бұрын болған. Бұған дейін қалалық әкімдікте есепші болып істеген келіншекті қылмыскер мойын тұсынан жеті рет пышақтаған.

Ал Астанадағы халықаралық колледжде 2-курс оқитын қыздың денесі жатын бөлмеден табылды. Оның да мойнында зорлық белгілері бар. Демек, қылмыскерлер бойжеткенді сыммен қылқындырған болуы мүмкін. Қылмыс марқұмдардың пәтерінде болған. Қазір адам шошырлық дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдіктіні ұстады. Ол жауап алып жатқанда қылмысын мойындады, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болады.

Exit mobile version