Басты бет Жаңалықтар Есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы Мәскеуге қашып кеткен

Есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы Мәскеуге қашып кеткен

Фото: Glavk.info
ҚР бас прокуратурасы сот үкімін орындау мақсатында Ресей Федерациясынан сотталған Қазақстан азаматын экстрадициялады.

2014 жылы ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын сатқан. Полиция қызметкерлері оны 66 келі марихуана мен сегіз келі гашишті сату мақсатында тасымалдау кезінде ұстаған.

2015 жылы сот үкімімен ол ақталған. Алайда прокурордың наразылығынан кейін ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазадан қашу мақсатында соттан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Ол алты жылдан астам уақыт бойы жасырынған.

2024 жылғы желтоқсанда іздеудегі азамат Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр және тағайындалған жазасын өтейді.

Exit mobile version